Алматыда "Мәңгілік сарын" күй кеші өтті - Жаңалықтар | BNews

Алматыда "Мәңгілік сарын" күй кеші өтті

24 сәуір, 2018, 17:45 2203 Алматы
Алматыда

Күй кеші Наурызға арналған іс-шараларды қорытындылады.

Алматы қалалық Мәдениет және құжаттар басқармасының ұйымдастыруымен "Алатау" дәстүрлі өнер театрында "Мәңгілік сарын" атты күй кеші өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Ерекше серпін, сән-салтанатпен өткен күй кешіне белгілі дәулескер күйшілер Сержан Шәкіратов, Абдулхамит Райымбергенов, Әділбек Атығаев, Айгүл Үлкенбаева, Жанғали Жүзбаев, Мұқаш Таңғытұлы, Талғат Мұқыш, Мұрат Әбуғазы, Нұркен Әшіров, Батыржан Мықтыбаев, Ерболат Мұстафаев, Сәуле Қаниева, Ардаби Мәулітұлы және "Сазген сазы" этнографиялық – фольклорлық ансамблі қатысты. Күй кешінде ел арасында сақталып, бүгінгі күнге жеткен барлық күй мектебіне тән шығармалар ойналды. Сондай-ақ, бүгінгі таңда ұмыт болып, қолданыстан шыға бастаған көнерген саз аспаптарда да халық күйлері орындалды.

Күйді қастерлейтін көрермен үшін ақысыз, тегін өткен күй кеші Наурызға арналған іс-шараларды қорытындылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар