Алматыда Mercedes жолдан шығып кетіп, аялдамадағы жаяу жүргіншілерді соқты - Жаңалықтар | BNews

Алматыда Mercedes жолдан шығып кетіп, аялдамадағы жаяу жүргіншілерді соқты

14 ақпан, 17:53 1244 Алматы
Алматыда Mercedes жолдан шығып кетіп, аялдамадағы жаяу жүргіншілерді соқты

Оқиға салдарынан бір әйел адам қаза тауып, тағы екі зардап шегуші ауруханаға жеткізілді.

Алматыда Райымбек даңғылы мен Розыбақиев көшесінің қиылысында автокөлік жаяу жүргіншілерді соқты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Райымбек/Розыбакиев қиылысында аялдамадағы адамдарды көлік соғып кетті, оқиғаның себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады әлеуметтік желі қолданушысы.

Оқиға болған орыннан куәгерлер видео түсіріп, Instagram желісіне жариялады. Видео кадрларында Mercedes-Benz маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяужолға шығып кетіп, аялдамада тұрған адамдарды қағып кетіп, дүкенге соғылды.

Куәгерлердің хабарлауынша, көлік солтүстік бағытында жүріп келе жатқан. Бірнеше жаяу жүргінші тез арада қашып үлгерген. Алайда көлік соғып кеткен зардап шегушілердің бірі жедел жәрдем келмей тұрып, оқиға орнында қаза тапты. Алдын ала берілген ақпаратқа сүйенсек, медициналық жедел жәрдем көлігі тағы да зардап шеккен екі адамды алып кеткен.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары