Алматыда "Наурыз-2018" мерекесі аясында 150-ге жуық шара өтеді - Жаңалықтар | BNews

Алматыда "Наурыз-2018" мерекесі аясында 150-ге жуық шара өтеді

15 наурыз, 2018, 12:52 529 Алматы
Алматыда

Алматыда 15 наурыз бен 25 сәуір аралығында Наурыз мерекесі аталып, оның барысында 148 шара өтеді.

23-25 наурыз аралығында қаланың барлық аудандарының негізгі концерттік алаңдарында мерекелік шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жібек жолы, Панфилов көшелері мен "Астана" алаңында, "Almaty Arena" кешенінің, ALMATY ART CENTER бульварының, "Атлеттер ауылының" маңындағы алаңдарда, орталық мәдениет және демалыс саябағында, циркте, Алатау, Әуезов, Наурызбай аудандары әкімдіктерінің ғимараттары алдындағы алаңдарда, Бостандық ауданындағы "Мега Алматы" ОСО, Жетісу ауданындағы "Гүлдер" паркінде, Түрксіб ауданындағы "Mart" ОСО және басқа да жерлерде мереке кеңінен аталады.

Мереке барысында спорттық, мәдени-бұқаралық шаралар, жастар акциялары, көрмелер мен концерттер ұйымдастырылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар