Алматыда немістің "ақылды" технологиясына қызығушылық жоғары – Байбек

18 қыркүйек, 2018, 18:43 1207 Алматы
Алматыда немістің

Қала басшысы "Қазақстандағы Германия экономикасының күндері" бизнес-форумының екі ел арасындағы іскерлік байланысты одан әрі нығайтуға ықпал еткенін айтты.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Германия Федеративтік Республикасының сыртқы істер министрі, бундестаг депутаты Нильс Анненмен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар мәселелерін талқылады.

Мегаполис басшысы Алматы қаласы мен Германия арасындағы тауар айналымының оң динамикаға ие екендігін жеткізді. Алматыда немістің "ақылды" технологиясы мен инновациялық құрылымдарына, сонымен қатар германдық бизнесті қала экономикасына тартуға қызығушылықтың үлкен екенін айтты.

ГФР-ның сыртқы істер министрі өз кезегінде Қазақстан мен Германияны стратегиялық серіктестіктің жақындата түсетінін атап өтті. Ол биылғы күзде Алматыда өтетін жыл сайынғы "Қазақстандағы Германия экономикасының күндері" бизнес-форумының екі ел арасындағы іскерлік байланысты одан әрі нығайтуға ықпал ететінін айтты.

Нильс Аннен қаладағы жаяу жүргінші және көлік инфрақұрылымын модернизациялауды атап өтті.

"Өзімнің туған қалам Гамбургте BRT жүрдек автобустар желісі жүзеге асуда, қоғамдық көлік дамуда. Мұның барлығы бизнес және инвесторлар үшін қаланы барынша тартымды етеді, жаңа офистер ашуға құлшындырады әрі қала тұрғындары үшін өте ыңғайлы", - деді ол.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына осы жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауында, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу міндеттері бойынша бөлігінде атап өткендей, салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтау керек. Коммуникация мен стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеп, ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығына және энергиялық тиімділігіне жоғары талап қою қажеттігін атап өткен еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар