Алматыда "Нұрлы жер" аясында дәрігерлер баспаналы болды - Жаңалықтар | BNews

Алматыда "Нұрлы жер" аясында дәрігерлер баспаналы болды

20 ақпан, 14:04 844 Алматы
Алматыда

Педиатрия орталығының қызметкерлері пәтер кілтіне ие болды.

Бүгін Алматы қаласы Алғабас ауданындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының сегіз қызметкері "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша баспаналы болды, деп хабарлайды BNews.kz орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен қазақстандық отбасыларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған "Нұрлы жер" бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасы жасалғаны баршаға аян. Аталмыш бағдарлама аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен "Қазақстандық ипотекалық компания" АҚ-ы арасындағы меморандумның жүзеге асуымен медицина саласының қызметкерлері де баспаналы болуда.

Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басшысы Риза Боранбаева "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша Алматы қаласы Алғабас ауданынан баспаналы болған сегіз қызметкерді қуаныштарымен құттықтап, сый-сыяпат жасады.

Баспаналы болғандарды көптен күткен қуаныштарымен орталық ұжымы мен басшылығы, барша әріптестері мен достары құттықтап, ізгі ниет тілектерін білдірді.

"Жаңа пәтерге қол жеткізген орталық қызметкерлерін қуаныштарымен құттықтаймын! Медициналық мекемелер ішінде біздің орталықтың қызметкерлері ең көп пәтер кілтіне ие болды. Әлі де бір қызметкеріміздің өтініші қаралуда. «Нұрлы жер»  бағдарламасы дәрігерлердің баспана мәселесін шешіп қане қоймай, еліміздің кадр әлеуетін арттыруға өз септігін тигізері сөзсіз. Бала денсаулығын нығайтуға қосар үлестеріңіз көп болсын! Қоныстарыңыз құтты болсын! Үйлеріңіздің шаңырағы биік, керегесі кең болып, жаңа үйдің ішінде тек татулық пен береке, қуаныш пен бақыт, құт пен ырыс салтанат құрсын!" - деп ақ тілегін білдірді Риза Боранбаева.

Пәтер кілтіне арнайы іріктеу бойынша көп жылдарден бері медицина саласына бар өмірін арнап, өлшеусіз үлес қосып келе жатқан білікті дәрігерлермен қатар, жас дәрігерлер де ие болды. Жылдар бойы жаңа қонысты күткен дәрігерлердің қуанышында шек жоқ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары