Алматыда Орталық мәдени және демалыс саябағы қайта жаңарды

31 қазан, 2018, 17:04 3725 Алматы
Алматыда Орталық мәдени және демалыс саябағы қайта жаңарды

Келер жылдан бастап саябақта балалардың жаңа қалашығын құру жоспарланған.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қайта жаңарған Орталық мәдени және демалыс саябағын аралап көрді. Басқарушы компания жаңа фонтандар, балалар мен спорт алаңдарын салу үшін 1,6 млрд. теңге жеке қаржыны инвестициялаған, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық саябақ аумағында жарық бағаналары, асфальт төсеніштер, тротуар плиткалары жаңарған, навигация орнатылып, жасыл желек отырғызылуда. Бұрын көлік тұрағы болған жерде спорт алаңдары, стрит-воркаут, баскетбол және футбол алаңдары, роллердром мен скейтодром пайда болған.

Жазғы сахнаның шығыс жағында түрлі түсті алма бағымен инсталляцияланған жаңа фонтан қойылды. Сонымен қатар, 10 жылы бос тұрған ескі субұрқақ реконструкцияланған.

Мемлекеттік-жеке әріптестік принципі бойынша сонау 90-шы жылдары істен шыққан "Велотрек" қайта жасалуда. Келер жылдан бастап саябақта балалардың жаңа қалашығын құру жоспарланған.

Медеу ауданының әкімдігі Орталық саябаққа апаратын Гоголь көшесін абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Жөндеу барысында тротуарлар жаңарып, көше жиһаздары қойылады. Бұрын қаланың тарихи орталығын реконструкциялау кезінде Қалдаяқов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі Гоголь көшесінің бір бөлігі жаңарған еді.

Айта кетерлігі, жалпы Алматыда биылғы жылы 524 көше жөнделді, 1400 ескі аула жаңарды. 300 км арық салынды және жөнделді, 800 км инженерлік желі тартылды. Қаланың барлық жер асты өтпелі жолдары жаңарды.

Жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарының үштен бірі жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады, ал жаңа қоғамдық көліктің үлесі 87%-ға жетеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар