Алматыда өтетін форумда ЕАЭО Үкімет басшылары цифрландыру мәселелерін талқылайды

21 қаңтар, 2019, 12:09 1235
Алматыда өтетін форумда ЕАЭО Үкімет басшылары цифрландыру мәселелерін талқылайды

Форумды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұйымдастырып жатыр.

2019 жылдың 1 ақпанында Алматыда Еуразияның инновациялық экожүйесі арналған "Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0" атты форумы өтеді, деп хабарлады ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі. 

"Форумға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерінің Үкімет басшылары, ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, саясаткерлер, ғалымдар, бизнесмендер қатысып, Еуразияның біртұтас инновациялық экожүйесін құру және дамытуға арналған ортақ алаңында одаққа мүше елдердің технологиялық әлеуетін ашу мәселелерін талқылайды", - делінген хабарламада.

Биылғы форумның спикерлері ең ірі IT-компаниялардың құрылтайшылары, халықаралық ақпараттық технологиялық парктердің басшылары мен АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Сингапур, Швейцария және ТМД елдерінің технологиялық индустрия саласындағы 50-ден астам өкілдері қатысады.

Ведомствоның мәліметінше, "Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0." форумы аясында Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Премьер-министрлері мен Армения Вице-премьері- және халықаралық сарапшылардың қатысуымен пленарлық сессиясы өтеді. Қатысушылар Еуразия технопарктерінің интеграциялау перспективаларын талқылап, бірлескен инновациялық жобаларды құру, IT саласындағы жас мамандар мен стартап-компанияларды қолдау және оларды ілгерілету мәселелері бойынша тәжірибесімен алмасады.

"Сонымен қатар, Форум бағдарламасында бес панельдік сессия ЕАЭО цифрлық күн тәртібі, инновациялық экожүйе, Индустрия 4.0, (БҰҰ өкілдерінің қатысуымен) тұрақты дамуға қол жеткізу және шағын орта бизнесті цифрландыруға арналады", - деп хабарлады министрлікте.

2017 жылдың 11 қазанында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында жарияланғандай, "Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі" жыл сайынғы форумы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізілді. Форумның басты мақсаты – ЕАЭО елдерінің цифрлық экономикаларын дамытуды жеделдету және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын бірлескен шараларды әзірлеу.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#форум #Цифрлық Қазақстан

Читайте также

Похожие новости