Алматыда Сақ мәдениетінің орталығы ашылады

22 қараша, 2018, 19:27 3098 Алматы
Алматыда Сақ мәдениетінің орталығы ашылады

Мақсаты отандық мәдениет пен өнерді бүкіл әлемге таныту болып табылады.

Боралдай сақ қорғанында Орталық Азияда үлкен Сақ қорғанын құру жоспарлануда. Бұл туралы Алматы қаласы Мәдениет және мұрағаттар басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлиев Орталық Азия халықтарының мәдени форумында айтты, деп хабарлайды BNews.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Данияр Әлиев форум барысында Алматы қаласында мәдени ошақтарды жандандыра түсуге көп көңіл бөлініп отырғанын, алдағы уақытта Боралдай сақ қорғанында Орталық Азияда үлкен Сақ қорғанын құру жоспарланып жатқанын жеткізді.

"2019-2020 жылдары қорғанның құрылыс жұмыстары жасалып, 2021 жылы халықтың игілігіне беріледі. Сондай-ақ Райымбек атамыздың кесенесі осы уақытқа дейін бірнеше Қоғамдық бірлестіктің қарамағында болып келді, былтыр қала әкімінің тікелей тапсырмасымен бұл жер Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қарамағына өтіп, қазір онда үлкен музей құру жоспарлануда", - деді ол.

Сонымен қатар ол, қаладағы Розабакиев көшесі бойындағы Мега сауда үйінің қарама-қарсы бетіне үлкен Сақ мәдениетінің орталығы ашылатынын, ал "Қазақфильм" аумағында этноленд құрылатындығын да айтып өтті.

"Осы іс-шаралардың барлығының түп мақсаты – қазақ мәдениетін, өнерін бүкіл әлемге таныту. Кез-келген ғылымның негізі осы мәдениетте дейді. Ал мәдениеттің алға қарай жылжуына осындай іс-шаралардың берері көп", - дейді Данияр Әлиев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар