Алматыда шетел азаматтарына жұмыс істеуге рұқсат алу тәртібі оңтайландырылды

06 желтоқсан, 2018, 12:32 3131 Алматы
Алматыда шетел азаматтарына жұмыс істеуге рұқсат алу тәртібі оңтайландырылды

Сондай-ақ, қалаға туристердің келу тәртібі де жеңілдетіліп жатыр.

Алматыда білікті шетелдік мамандардың күшімен нарықты қалыптастыруға жаңа тәсілдерді енгізуде. Нәтижесінде шетелдік мамандарды жұмысқа орналасуға рұқсат алу тәртібі жеңілдей түсті. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда жұмыс істейтін 200 шетелдік компаниялардың қатысуымен "Инвестициялық климатты жетілдіру аясында тиімді көші-қон саясатын қалыптастыру" конференциясында талқыланды. 

Мысалы, биыл қалада Алатау ауданында көші-қон қызмет көрсету орталығы ашылды, ол жерде барлық қажетті қызметтер енгізілген: салықтық, банктық, мекеме аралық. Сондай-ақ, медициналық тексеруден өтуге, сақтандыру полисін рәсімдеуге сонымен қатар ЖСН алуға болады. Дәл осындай орталық Наурызбай ауданында ашуға жоспарлануда.

Бұдан басқа, шетелдік мамандарға құжаттарды тапсыру процессін 3 айдан 30 күнге дейін қысқартты. Баспа басылымдарында кандидаттарды іздестіру бойынша бос жұмыс орындарын жариялау тоқтатылды. Алматы elicense.kz арқылы құжаттарды тапсыру үшін электронды форматқа толығымен ауысқан Қазақстандағы алғашқы аймақ болды.

Work Permits Kazakhstan директоры Данияр Ибрагимовтың айтуынша, конференция бірінші кезекте шетелдіктер жұмыс істейтін кәсіпорындар үшін ұйымдастырылған.

"Біз бұл платформаны арнайы жасағанбыз, сондықтан шетелдік сарапшылар барлық проблемалық мәселелерді көрсетіп, мемлекеттік құрылымдардың өкілдеріне ұсыныс бере алады. Яғни мемлекеттік органдар мен инвесторлар арасындағы ашық және сенімді қарым-қатынастар қазірдің өзінде жасақталған. Білікті шетелдік мамандарды тарту бәсекеге қабілетті экономиканы қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды. Бұдан басқа, халықаралық сарапшылар өзінің тәжірибесімен, білімімен, біліктілігімен және жергілікті әріптестерінен маманданудан өтеді", - деп атап өтті Данияр Ибрагимов.

Қалада жұмысқа рұқсат алу тәртібін оңтайландырудан басқа, туристердің келу тәртібі де жеңілдетілген. Мысалы, 45 мемлекеттің азаматтары 30 күнге дейін тұру үшін виза алудан босатылады және 48 елден шетел азаматтарын тіркеу ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі тарапынан бүкіл елге келген кезде беріледі. Ал Ресей, Беларусь және Қырғызстан азаматтары тіркеуден босатылған күннен бастап 30 күн ішінде, Украина азаматтары – 90 күн ішінде. Қытайдан және Үндістаннан келген туристер үшін Алматы халықаралық әуежайы арқылы транзиттен өткеннен кейін жетпіс екі сағаттық тәртіппен елден кету және келу тәртібімен жұмыс істейді. Алматыдағы 90 қонақ үй, қонақ жай мен жатақханаларда шетелдіктерді онлайн тіркеу жолдары да пайдаланылады.

Айта кетер болсақ, Алматыда 2018 жылы шетелдік инвесторлар мен мамандарды тарту үшін 6 мыңға жуық квота бөлінді. Бұл құрылыс, қонақ үй бизнесі, мұнай-газ өнеркәсібі мен Алматы сауда-саттығының дамуына Түркия, АҚШ, Канада, Оңтүстік Корея, Батыс және Шығыс Еуропадан арнайы келген мамандары. Қазір қалада шетел капиталы мен жұмысшы күшінің қатысуымен 14 мың кәсіпорын, соның ішінде 45 мың шетел азаматы тұрып жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар