Алматыда тағы бір сәулет ескерткіші пайда болуы мүмкін

01 тамыз, 2018, 19:10 2256 Алматы
Алматыда тағы бір сәулет ескерткіші пайда болуы мүмкін

Көне ғимарат "ұлттық стильде" салынған.

Жұмыс сапары кезінде қаланың тарихи орталығын аралаған мегаполис әкімі Бауыржан Байбек Абай көшесіндегі 69 үйде орналасқан Түрксіб ауруханасының бұрынғы ғимаратын Алматының сәулет ескерткіштері тізіміне енгізуді тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нысан 1950 жылдары архитектор Михаил Кудрявцевтің жобасы бойынша салынған. Оның басты кіре берісі мен қапталдары, жақтаулары төрт жақты композициялық бағаналарға тірелген. Қапталдардың аркалары, люнеттері таңбалы белдеулермен өңделген. Ғимарат "ұлттық стильде" салынған көнелердің бірі болып табылады әрі оның сәулетінде классикалық және өңірлік синтез өзара ұштасқан, яғни Алматы магистралі құрылысының басты элементі болып табылады. Сыртқы солтүстік қабатында ішкі аула және жасыл желекке оранған кеңістік бар.

Қазақстан Республикасының "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану" Заңының негізінде объектіні тізімге енгізу оған тарихи және мәдени ескерткіш мәртебесін береді. Заңға сәйкес оны пайдаланушы ескерткіштің қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс. Яғни, ғимаратың сыртқы келбетін, ішін, конструкцияларын, мақсатты пайдаланылуын, аумағын өзгертуге тыйым салынады. Жөндеуге, қайта жасауға байланысты атқарылатын шаралардың барлығы өкілетті органмен келісу арқылы жүзеге асады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына осы жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауының "Адами капитал – жаңғыру негізі" атты бөлігінде "Рухани жаңғырудың" мән-маңызы ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керектігінде екенін атап өткен болатын. 

"Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс", - деді Елбасы Жолдауда.

Еске салсақ, осыған дейін Алматы әкімі Бауыржан Байбек заңға сәйкес қаланың ипподромы мен "Сайран" автовокзалын жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізуді тапсырған еді. Артынан ғимараттың бұрынғы келбетін қайтару жөнінде жұмыс басталып, заңсыз құрылыстар алынып тасталды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар