Алматыда такси жақын жерге апару үшін 9 000 теңге сұрады - Жаңалықтар | BNews

Алматыда такси жақын жерге апару үшін 9 000 теңге сұрады

03 қаңтар, 11:14 1154 Алматы
Алматыда такси жақын жерге апару үшін 9 000 теңге сұрады

Еліміздегі танымал такси қызметі алматылық тұрғынды тиісті жеріне жеткізу үшін 8 970 теңге сұрады, деп хабарлайды BNews.kz Baq.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы «Facebook» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Нұрболат Тілеу жазады.

«Яндекс.Таксиді» Мегаға шақырдық. Аталған такси жүргізушісі бағаны тым шарықтатып жіберді. Мереке уақыты, түсінеміз. Алайда сұраныс сонша жоғары ма, сонда Мегадан («MEGA Alma-Ata» ойын-сауық орталығы) Абай-Өтеген батыр көшелеріне дейін жол жүру құны 9 000 теңге болғаны ма?» - дейді тұрғын таңданысын жасыра алмай.

«Бұл оқиға 2 қаңтар күні болды. Расымен де, такси қызметі менен жап-жақын жерге бола 9 000 теңге талап етті. Қолымды бір сілтеп, жаяу кете бардым. Мереке күндері Алматы қаласында такси бағасы қымбаттайтыны рас. Өмірімде жап-жақын жерге апарғаны үшін такси жүргізушісіне 9 000 мың теңге төлеп көрген емеспін. Бірақ, мереке күндері қыдыратын адам көп, такси аз», - дейді Нұрболат Тілеу Baq.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Еске сала кетсек, осыған дейін де Алматыда осыған ұқсас оқиға болған еді. Ол кезде такси жүргізушісі шетелдік әйелден 40 мың теңге алған болатын. Алайда, АҚШ азаматшасы ақшасын мейманхана және полиция қызметкерлерінің арқасында қайтарып алған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары