Алматыда Тәуелсіздік монументіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды

16 желтоқсан, 2018, 11:47 2722 Алматы
Алматыда Тәуелсіздік монументіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды

Шара барысында Алматы өңірлік гарнизонының әскерилері салтанатқа қатысушылар алдынан әскери саппен өтті.

Алматыда Қазақстанның Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай ҚР Тәуелсіздік монументіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала басшылығы, ардагерлер Кеңесі, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, жастар ұйымдары, қала тұрғындары әскери-үрлемелі оркестрдің музыкалық сүйемелдеуімен Республика алаңындағы тәуелсіздіктің басты символына гүл шоқтарын қойды.

Шара барысында Алматы өңірлік гарнизонының әскерилері салтанатқа қатысушылар алдынан әскери саппен өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар