Алматыда туристерге арналған саяхатшы картасы енгізіледі - Жаңалықтар | BNews

Алматыда туристерге арналған саяхатшы картасы енгізіледі

02 тамыз, 16:16 3513 Алматы
Алматыда туристерге арналған саяхатшы картасы енгізіледі

Кез келген "белгідегі" картасы бар турист  "Шымбұлақ", "Орман ертегісі", "Көк-төбеге" және алты мұражай мен хайуанаттар бағына еш кедергісіз кіре алады.

Алматыда туристерге арналған Almaty Pass саяхатшы картасы шығарылады. Оның ішіне қаланың негізгі көрікті жерлерін аралау, мейманханалар, кафе мен мейрамханалар және қоғамдық көлікке жеңілдік жасау қарастырылған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бұл карта түрін Visit Almaty туристік ақпарат орталығы мен "Оңай" көлік холдингі бірлесе отырып шығарады. Almaty Pass Нью-Йорк, Барселона, Лондон сияқты әлемдік туристік қалалардың тәжірибесі негізінде құрылды.

Картаны шағарушылар атап өткендей, ол шартты түрде S, M, L тәрізді үш қызметтік пакет түріне бөлінеді. S пакетінің бағасы - 7810 теңге ($23), М - 9455 теңге ($28) және  L - 11045 ($32) теңге болып табылады.

L көлеміндегі пакет қызметінің ішіне қоғамдық көліктегі шектеусіз сапарлар және турды сатып алуға жеңілдіктер қарастырылған. Кез келген "көлемдегі" картаны пайдаланып, турист "Шымбұлақты", "Орман ертегісін", "Көк-төбені", 6 мұражай мен хайуанаттар бағын тамашалай алады.

"Almaty Pass қаланың туристік әлеуеті үшін өте маңызды. Алматы Қазақстанның негізгі туристік орталықтарының бірі болып есептелетінін бәріміз білеміз. Әрбір екінші шетелдік турист өз саяхатшылық сапарын Алматыдан бастайды екен.  Еліміздегі осы саладан келетін кіріс көлемінің төрттен бірі біздің үлесімізде, ол шамамен - 25-30%. Алматыға қатысты айқындамаларды сараптай келе және оның туристік маңызын түсіне отырып, шет елдік туристерді барынша тарту мақсатында осындай бастаманы көтердік. Міне, осындай қадамдардың бірі Almaty Pass-ты енгізу болып табылады", - деді "Visit Almaty" туристік ақпараттық орталығының директоры Камила Лұқпанова.

"Visit Almaty" туристік ақпараттық орталығының сараптама бөлімінің мәліметінше, жыл сайын Алматыға келуші туристер саны 20%-ға өсіп отырады. Мысалы, 2015 жылы Алматының қонақ үйлері мен хостелдері 721 мың туристі қабылдаса, 2016 жылы – 793 мың, 2017 жылы – 969 мың туристі қарсы алған. Айта кету керек, 2017 жылы  бір уақытта 15456 орынды құраған.  2018 жылдың  I тоқсанында бҰл сан 16133 деңгейіне жетті.

"Visit Almaty" туристік ақпараттық орталығы бұл Алматы қаласының туризм және сыртқы байланыс басқармасы жанынан құрылған ақпарттық орталық. Олар туристерге күнделікті негізде Алматы мен Алматы агломерациясында уақытты тиімді өткізу жөнінде ақпарат беріп отырапды. Орталықтың мақсаты – халықаралық және ішкі нарықта туристік өнімді ілгерілету болып табылады. Visit Almaty жұмысының басты бөлігі туристік әлеуетті ілгерлету, аймақтардың бәсекеге қабілеттілігі мен туризмді дамыту бойынша рейтингтік сараптама жасау болып саналады. Сондай-ақ, осы салада арнайы зерттеулер жүргізіледі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына осы жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауында Үкімет виза мәселелерін жеңілдетуді, инфрақұрылымды дамытуды және туризм саласындағы кедергілерді алып тастауды қамтитын кешенді шаралар қабылдауы керектігіне баса назар аударған болатын. 

Қазақстан Президентінің айтуынша, жалпы алғанда, өңірлік саясат өңірлердің шығындарын теңестіруден жеке табыстарының өсімін ынталандыруға бағытталуға тиіс. Атап айтқанда, бүгінде әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орнын ашып отырған сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризм кез келген өңір үшін перспективалық табыс көздерінің бірі болып саналады.

Қосымша ақпаратты visitalmaty.kz сайтынан білуге болады, мұнда әртүрлі туристік бағыттар мен бірыңғай ивент-күнтізбе ұсынылады. Онда қалада өтетін ең қызық іс-шаралар, концерттерден бастап, көрме, спорттық жарыстарға дейінгі барлық мәлімет қарастырылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары

Материалды әзірлегендер: