Алматыда Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

30 шілде, 2018, 13:18 1830 Алматы
Алматыда Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Бұл қызметті енді Мақсат Кикимов атқарады.                                                                                               

Алматыда Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының жаңа басшысы тағайындалды. Енді бұл қызметті бұған дейін Алматы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасын басқарған Мақсат Кикимов атқармақ, деп хабарлайды BNews.kz Visit Almaty туристік орталығына сілтеме жасап.

"Жаңа лауазымда ол туристік ақпаратты ұсыну, туристік қызметтердің нарығын талдау, туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және тағы сол сияқты бір топ мәселе үшін жауап береді", - делінген хабарламада.

Мақсат Кикимов еңбек қызметін 2006 жылы Алматыдағы "Альянс Банк" АҚ филиалында бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің маманы ретінде бастаған. Әртүрлі уақытта Алматыдағы "Альянс Банк" АҚ "Алатау" филиалында бөлімнің, басқарманың бас бухгалтерінің орынбасары, бас бухгалтердің міндетін атқарушы, "Астана - Финанс" Банкі АҚ Алматыдағы филиалында бэк-офистің басқарушысы, бас бухгалтер, "Трансервис-Миллениум" ЖШС қаржы директоры, Бизнес-үрдістердің әдіснамасы және автоматтандыру басқармасының басшысы, "Bank RBK" АҚ банк технологиялары департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

Сонымен бірге Мақсат Кикимовтың мемлекеттік сектордағы жетекшілік лауазымда үлкен жұмыс тәжірибесі бар.

Ол "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" КММ басшысының орынбасары қызметін атқарған. Одан кейін, "Алматы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" КММ басшысы болып тағайындалған. Содан кейін ол "Алматы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" КММ басшылық етті. Кейін "Алматы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" КММ басшысы болып тағайындалған.

Ол кәсіпкерлік мәселелеріндегі елеулі тәжірибесінің арқасында жаңа лауазымға дайын. Мақсат Кикимов ШОБ қала экономикасының 34%-ын құратын өңірдегі бизнес аспектілерінің мән-жайын түсінеді. Бұл туризмді Алматы экономикасының басым салаларының бірі ретінде дамыту бойынша ұмтылыстарға сай келеді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына осы жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауында Үкімет виза мәселелерін жеңілдетуді, инфрақұрылымды дамытуды және туризм саласындағы кедергілерді алып тастауды қамтитын кешенді шаралар қабылдауы керектігіне баса назар аударған болатын. 

Қазақстан Президентінің айтуынша, жалпы алғанда, өңірлік саясат өңірлердің шығындарын теңестіруден жеке табыстарының өсімін ынталандыруға бағытталуға тиіс. Атап айтқанда, бүгінде әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орнын ашып отырған сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризм кез келген өңір үшін перспективалық табыс көздерінің бірі болып саналады.

Еске сала кетейік, бұған дейін бұл қызметті Ерлан Жайлаубай атқарған. Ол 2017 жылы қаңтар айында Алматы қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы болып тағайындалған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар