Алматыда ҰҚК террористік актілер дайындаған бір топ шетел азаматын ұстады

14 Января, 2019, 11:53 1734
Алматыда ҰҚК террористік актілер дайындаған бір топ шетел азаматын ұстады |  | BNews.kz

Ұсталған тұлғалар шетелдегі ДАИШ содырларының тапсырмасы мен олардың басшылылық етуімен әрекет еткен.

10 қаңтарда Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті өткізген арнайы операция нәтижесінде террористік актілер жасауға дайындалған деген күдікпен Орта Азияның тумалары болып табылатын шетел азаматтарынан құралған топ мүшелері ұсталды, деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында.

Күдіктілердің уақытша тұрып жатқан мекенжайларын тінту кезінде олардан өте қуатты жарылғыш заттар әзірлеуге арналған көп мөлшердегі компоненттер, сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді. Тергеу болжамына сай, ұсталған тұлғалар шетелдегі ДАИШ содырларының тапсырмасы мен олардың басшылылық етуімен әрекет еткен.

Жарылғыш заттар мен атыс қаруларын қолдану арқылы Алматы қаласында халық көп шоғырланатын орындарда шабуыл  жасауға ниет еткен.

Тергеу амалдары жалғасуда. 

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13928

Похожие новости