Алматыда жеке тікұшақ құлады

17 қаңтар, 2019, 17:30 3032
Алматыда жеке тікұшақ құлады

Тікұшақтың құлауы салдарынан ұшқыш қаза тапты.

Алматыдағы "Алатау" шипажайы аумағына жеке тікұшақ құлады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. 

"17 қаңтар күні сағат 16:05-те Алматы қаласы Наурызбай ауданы Таусамалы шағын ауданындағы "Алатау" шипажайының ашық аумағына "Sky Service" әуе компаниясының Еврокоптер-130 маркалы жеке тікұшағы құлады, бірақ өртенген жоқ. Тікұшақ бортында болған 1968 жылғы ұшқыш жедел жәрдем көлігінде қаза тапты", - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, тікұшақ Боралдай - Үлкен Алматы көлі бағыты бойынша ұшып бара жатқан.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінде хабарлағандай, аталған оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары басталды.

"Sky Service" әуе компаниясының  Еврокоптер-130" маркалы (борт нөмірі UP-EC038) тікұшағы Боралдай әуежайынан ұшып, "Үлкен Алматы" алаңына қону пунктіне дейін жетпей құлады. Тікұшақ бортында бір ұшқыш-әуе кемесінің командирі Шитов Валентин Викторович құтқарушылар келген кезде тірі болған. Жедел жәрдем көлігімен ауруханаға бара жатқанда сәтте қайтыс болды. ҚР ИИДМ Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті тексеру жұмыстарын бастады", - деп түсініктеме берді Азаматтық авиация комитетінде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Алматы #құлау #ТЖК

Читайте также

Похожие новости