Алматыда Желтоқсан оқиғасының құрбандарына тағзым етілді

17 желтоқсан, 2018, 14:32 2013
Алматыда Желтоқсан оқиғасының құрбандарына тағзым етілді

Гүл шоқтары қойылған соң жиналғандар бір минут үнсіздікпен қаза болғандарды еске алды.

Алматылықтар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алып, оларға тағзым етті, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Тәуелсіздік таңы" монументіне мемлекет қайраткерлері, оның ішінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек, желтоқсан оқиғасына қатысушылар және жастар ұйымдарының мүшелері гүл шоқтарын қойды. Гүл шоқтары қойылған соң жиналғандар бір минут  үнсіздікпен қаза болғандарды еске түсірді.

Айта кетерлігі, осыған дейін Алматыда "Тәуелсіздік таңы" монументі алдына шағын алаң жасалған еді. Қала әкімі ескерткішке келіп, тағзым етушілерге ыңғайлы жағдай жасауды тапсырған болатын. Егер бұрын  көліктің қозғалыс бөлігі ескерткішке тиіп тұрса, енді барынша  қолайлы және қауіпсіз шағын алаң пайда болды, кеспе тас төселіп, жарық көздері орнатылды, жасыл желек отырғызылды.

Кеше, Қазақстанның Тәуелсіздігіне 27 жыл толған күні қаладағы Тәуелсіздік Монументіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылған болатын.

Қала басшылығы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, ардагерлер Кеңесі, саяси партиялар мен қоғамдық және жастар ұйымдары, қала тұрғындары әскери-үрлемелі оркестрдің музыкалық сүйемелдеуімен Республика алаңындағы тәуелсіздіктің басты символына гүл шоқтарын қойды.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Алматы #Желтоқсан құрбандары #еске алу #Бауыржан Байбек

Читайте также

Похожие новости