Алматыда жол апатынан бір адам қайтыс болып, бесеуі жарақат алды - Жаңалықтар | BNews

Алматыда жол апатынан бір адам қайтыс болып, бесеуі жарақат алды

01 наурыз, 2018, 10:29 1738
Алматыда жол апатынан бір адам қайтыс болып, бесеуі жарақат алды

Куәгерлердің айтуынша Mercedes Жансүгіров көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан бетте, алдынан екі жаяу жүргінші  жүгіріп өткен.

Алматыда ірі жол апаты орын алды. Салдарынан бір адам қайтыс болып, бесеуі жарақаттанды, деп хабарлады СТВ телеарнасы.

Жол апаты Жансүгіров пен Мусин көшелерінің қиылысында орын алды. Куәгерлердің мәліметінше Mercedes Жансүгіров көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан кезде, тиісті емес жерде жолды екі қыз жүгіріп өткен. Жүргізуші тежегішті басып үлгермегендіктен жаяу жүргіншілерді қағып өтті. Серпінмен автокөлік қарсы бетке бұрылып, Daewoo Nexia-мен соғылған. 

Жол-көлік апаты салдарынан бес адам зардап шекті, олардың екеуі жаяу жүргінші, екі көлік жүргізушісі мен көліктің екі жолаушысы. Олардың барлығы әр-түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Кейінірек көлік қағып кеткен бойжеткендердің бірі ауруханада көз жұмды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар