Алматыда жолаушылар автобусының тежегіші істен шығып, жеті адам зардап шекті - Жаңалықтар | BNews

Алматыда жолаушылар автобусының тежегіші істен шығып, жеті адам зардап шекті

12 ақпан, 15:24 760 Алматы
Алматыда жолаушылар автобусының тежегіші істен шығып, жеті адам зардап шекті

Автобусты тоқтата алмаған жүргізуші жол тазалау қызметкерін қағып кеткен.

Алматыда жолаушылар автобусының тежегіші істен шығып, қоршауға  соғылды, деп хабарлайды BNews.kz "Қазинформ" ХАА сілтеме жасап.

№15 автобус жүргізушісінің айтуынша ол Шаляпин көшесімен батыс бағытында келе жатқан. Яссауи көшесінен батысқа қарай тежегішінің істемей қалғанын сезеді. Жүргізуші автобусты қалай тоқтатарын білмеген.  

Жол тазалаушыны қағып кеткен жүргізуші солға қарай кетіп, жол жиектасынан ұшып өтіп  қоршауға соғылған.  

Жеті адам зардап шекті. Олардың алтауы жолаушылар. Барлығы ауруханаға жеткізілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар