Алматыда жолаушылар тасымалдаушы жеке компания жұмысы тоқтатылды

Написать нам
01 қараша, 2018, 12:03 3332 Алматы
Алматыда жолаушылар тасымалдаушы жеке компания жұмысы тоқтатылды

Осыған дейін "Тегіс транс” компаниясы 71 қоғамдық көлік бағытын иеленген болатын.

"Тегіс транс" тасымалдаушысы Алматы жолаушылар тасымалы нарығынан кетіп жатыр. Мұндай шешім Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жанындағы көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысында қабылданды, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тасымалдаушы қызмет көрсетілетін рейстердің норматифтік тұрақтылығын қамтамасыз етуге міндетті. Біздің мәліметтер бойынша, "Тегіс-транс" бағыты ең төмен тұрақтылықпен ерекшеленеді, шамамен 40-50% нормадан, ал кейде ол 30%-ға дейін төмендейді. Яғни, көзделген 10 жылжымалы құрамның ішінен рейске ең жақсы жағдайда 4-5автобус шығады. Сонымен қатар олар пайдаланған автобустар өте тозған және берілген уакытта жаңартылып жеткізілмеген. Қазір көлік қызметтерінің деңгейін арттыру мақсатында белсенді шаралар қабылдануда, ең алдымен, біз рейстер тұрақтылығының нормаларын сақтамайтын тасымалдаушылармен жұмысты бұдан әрі тоқтататын боламыз,” - деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Әділов.

Естеріңізге сала кетсек  "Тегіс транс" компаниясы 71 қоғамдық көлік бағытын иеленген болатын. Осы бағыт, бүгінгі күні "Алматы электротранс" тасымалдаушысына берілiп, 71 рейсті, 12 метрлік жайлы ЛиАЗ автобустары қамтамасыз етуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар