Алматыда Алтын Орда базарындағы көпірден бойжеткен қыз секіріп кетті - Жаңалықтар | BNews

Алматыда Алтын Орда базарындағы көпірден бойжеткен қыз секіріп кетті

10 қараша, 16:28 2855 Алматы облысы
Алматыда Алтын Орда базарындағы көпірден бойжеткен қыз секіріп кетті

Белгісіз бойжеткен жаяу жүргіншілерге арналған көпірден секіріп, машина астына түскен. Оқиғаның видеосы Instagram желісінде пайда болды, деп хабарлайды BNews.kz.

Видеода төтенше жағдай Алтын Орда әмбебап базарына қарама-қарсы жерде орын алғаны көрініп тұр.

«Бойжеткен қыз базар аумағында көпірден секіріп, көлік астына түскен», - делінген куәгердің жеке инстаграм парақшасында.

ІІД осы оқиғаға қатысты түсінік берді. Полицияның мәліметінше, осы дерек бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр. Қыздың өзі секіргені немесе абайсызда құлап кеткені анықталуда. Кейбір мәліметтерге қарағанда, өмірімен  қош айтқысы келген бойжеткен қыз аман қалды. Ол ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары