Алматыдағы Абай атындағы университет ұжымы Елбасы Жолдауын талқылады

12 қазан, 2018, 17:58 680 Алматы
Алматыдағы Абай атындағы университет ұжымы Елбасы Жолдауын талқылады

Жолдауды талқылауға жинал­ғандар Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орнының 90 жылдық мерейтойы мен Елбасы Жолдауының 5 қазанға тұспа-тұс келуін ерекше ықыласпен қабылдады.

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Нұрсұлтан Назар­баевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқа­тының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" тақыры­бындағы Жолдауын талқылауға арналған кеңейтілген жиын өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Жиналысқа университеттің проректор­лары, құрылымдық бөлімдердің басшы­лары, профессор-оқытушылар мен сту­дент­тер қатысты. Жолдауды талқылауға жинал­ғандар Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орнының 90 жылдық мерейтойы мен Елбасы Жолдауының 5 қазанға тұспа-тұс келуін ерекше ықыласпен қабылдады.

Кездесуде Такир Балықбаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы­на арналған Жолдауының өзекті мәсе­лелеріне тоқталып, негізгі бастамаларға сәйкес білім берудің сапасы мен қолжетім­ділігіне, мектепке дейінгі білім беру сапа­сын жоғарылатуға, білім беру ісінде 4К моделінен туындайтын креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылатындығы туралы айтты. Әсіресе, университет ректоры Елбасының "Келесі жылы "Педагог мәртебесі туралы" заңды әзірлеп, қабылдау қажет" деген бастамасы мұғалімдер үшін үлкен серпіліс болғанын қадап айтты.

"Біз педагогикалық білім беру мекемесі болғандықтан, бұл мәселе бізге тікелей бай­ланысты. Қазіргі кезде білім беру сапасына қойылатын талаптардың артуы аса ма­ңызды. Оқу бітірген студенттердің жұмыс­пен қамтылуы, жалақысы жоғары жұмыс­қа орналасуы; оқу орындарын ірілендіру саясатын жүргізу; Назарбаев Универси­тетінің тәжірибесіне сүйеніп, үздік шетелдік топ-менеджерлерді жұмысқа тарту арқылы әлемнің жетекші университеттерімен әріп­тес­тік орнату - жоғары оқу орнының табыс­­­тылығын бағалаудың басты крите­рийі болып табылады", - деді.

Президенттің халыққа арнаған әрбір жаңа Жолдауы мемлекетіміздің табысты дамуының анықтаушы векторы, еліміздің стра­тегиялық маңызды құжаты. Қазіргі кезеңдегі білім беру саласында бірқатар жаңа міндеттер анықталды. Осыған орай, Жолдауда 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу; мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту; орта білім беру жүйесінде негізгі тәсіл­дер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аудару, сондай-ақ жоғары білім беру ісінде оқу орында­рының маман дайындау сапасына қатысты талаптар күшейту сияқты өзекті мәселелер қарас­тырылған.

"Біз Президенттің Жолдауында жүктел­ген стратегиялық міндеттерді, әсіресе педа­гогикалық салаға берген тапсырмаларды, жас ұрпақ игілігі үшін және Отанымыздың табысты дамуы үшін дер кезінде жүзеге асыруға тиіспіз", - деді Такир Балықбаев.

Сонымен қатар, оқу-әдістемелік жұ­мыс­тар жөніндегі проректор Ғабит Кен­жебаев, Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-филосо­фиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Сімтіков, құқықтану кафедрасы­ның профессоры Бақытжан Төлеубекова баяндама жасады.

Президенттің Жолдауын талқылауға қатысқан студенттердің қатарынан Тарих және құқық институтының екінші курс сту­денті Азиз Байназар мен Математика, физи­ка және информатика институтының төртін­ші курс студенті Анна Клим сөз сөйледі.

Кездесуде қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, Жолдаудың міндеттерін жоғары деңгейде жүзеге асыру мәселелері төңірегіндегі пікірлер тыңдалды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар