Алматыдағы барда болған жаппай төбелеске полиция түсініктеме берді - Жаңалықтар | BNews

Алматыдағы барда болған жаппай төбелеске полиция түсініктеме берді

14 наурыз, 2018, 14:57 1594 Алматы
Алматыдағы барда болған жаппай төбелеске полиция түсініктеме берді

Төбелестің бейнежазбасы әлеуметтік желіде пайда болды. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.

Алматы қаласының ІІД-де қаланың көңіл көтеретін ғимараттарының бірінде болған төбелес туралы түсініктеме берді. Жаппай төбелестің бейнежазбасы әлеуметтік желілерде таратыла бастаған, деп хабарлайды BNews.kz.

Жастардың жаппай төбелесінің бейнежазбасы Instagram әлеуметтік желісінің топтарында пайда болды. Бейнежазбада жігіттердің қалай төбелесіп жатқаны және бір-біріне үстелдерді аяусыз лақтырып жатқандары түсіп қалған.

Қаланың Ішкі істер департаментінде аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 293 бабы, 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Тексеріс нәтижесі бойынша процессуалдық нақты шешім қабылданады.

"Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесінде бұзақылық әрекет барысында зардап шеккендер жоқ екені белгілі болды", - деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар