Алматыдағы Медеу ауданының активі Елбасы Жолдауын бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді

13 қазан, 2018, 11:21 143 Алматы
Алматыдағы Медеу ауданының активі Елбасы Жолдауын бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді

Отырыс барысында аудан әкімі Ержан Жылқыбаев миллиондаған қазақстандықтардың өмір сүру сапасының жақсаратынына сенім білдірді.

Алматыдағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің мәжіліс залында Медеу ауданының әкімі Жылқыбаев Ержан Жұматұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты халыққа Жолдауын талқылауға арналған аудан активінің жиыны өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Аталған шараға мемлекеттік органдардың және аудандық құрылым басшылары, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, білім және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, шағын және орта бизнес өкілдері, ауданымыздағы жоғары оқу орындарының және орта арнайы кәсіптік білім беру мекемелерінің басшылары, өндірістік кәсіпорындарының жұмысшылары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. 

Отырыс барысында аудан әкімі Ержан Жылқыбаев миллиондаған қазақстандықтардың өмір сүру сапасының жақсаратынына сенім білдірді.

"Елбасының "Қазақстандықтардың әл-аухатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауы, халық күткен күрделі мәселелер қамтылған, әрбір бастама азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған терең пікірдің түйіндемесі деп білемін. Жолдауда айтылған отбасы, тұрғын үй, шағын бизнес, еңбекақы, жастар, ауыл шаруашылығы, құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың жолдары сынды барлық басымдықтар, ол миллиондаған қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартып, бəсекеге қабілеттіліктерін көтеретін тиімді тетіктер болмақ. Аудан басшысы ретінде бүгінгі актив жиынында өздеріңізбен келер күннің келгенін күтпей, жоспарлы ісімізбен, жолдауда аталған тапсырмаларды нақты іске асырудағы қадамымызды нықтап, керегімізді шегелеп алу мақсатым", - деді Ержан Жылқыбаев.    

Сондай-ақ, ҚР Парламент Сенатының бұрынғы депутаты, Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор Ахан Бижанов, ҚР Бұрынғы білім және ғылым министірі Шәмшә Беркімбаева, Алматы қалалық Маслихат депутаты және басқалар сөз алып, баяндама жасады.

Жиын соңында барлық жиынға қатысушылар бірауыздан Елбасының Жолдауын бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар