Алматыдағы ойын-сауық орталығында өрт шығып, адамдар эвакуацияланды

09 сәуір, 2018, 09:55 1717 Алматы
Алматыдағы ойын-сауық орталығында өрт шығып, адамдар эвакуацияланды

Domillion ойын-сауық орталығынан 60 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өрттің тұтануына байланысты Domillion сауда, ойын-сауық орталығынан 60 адамды эвакуациялады, деп хабарлады ҚазАқпарат. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткен.

"Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылы 143 "В" мекенжайы бойынша орналасқан Domillion сауда, ойын-сауық орталығында өрт тұтанғаны туралы хабар 8 сәуір күні сағат 14.34 кезінде түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта жетті. Кейіннен мәлім болғанындай, жалын ғимараттағы кабельдердің бірінде қысқа тұйықталудың салдарынан шыққан. Тілсіз жау 0,2 шаршы метр аумақты шарпыды", - деп хабарлады Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Төтенше жағдай кезінде өрт сөндірушілер 60 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді. Олардың 10-ы балалар.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар