Алматыдағы жаңарған Абай даңғылына 1000-нан астам ағаш отырғызылады

14 қыркүйек, 2018, 15:07 3234 Алматы
Алматыдағы жаңарған Абай даңғылына 1000-нан астам ағаш отырғызылады

Мегаполис басшысы қозғалыс бөлігіне тым жақын орналасқан көлік бекеттері кешендерін ауыстыруды тапсырды.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың жаяу жүргінші инфрақұырылымн реконструкциялаудағы құрылыс жұмыстарының сапасын тексерді. Мегаполис басшысы жаңарған бірнеше көшелерді аралап шығып, жөндеуден өткен Абай даңғылында да болды, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Даңғылды модернизациялау аясында жаяу жүргінші кеңістігі кеңейді, асфальттың орнына кеспе тастар төселді. Жақын арада заманауи және өте қолайлы көше жиһаздары қойылатын болады.

Бұлардан өзге, жаңа жарық диодты көше және троутар шамдары орнатылуда. Жаңа фонтандар салу мен ғимараттардың сыртын жаңарту жұмыстары аяқталып қалды. Қазан айында түрлі тұқымды 1000-нан астам ағаштар отырғызылады.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында мердігердің назарын жіберілген кемшіліктерге және атқарылған  істердің барлығы қала тұрғындарына қолайлы болуы тиіс екендігіне аударды.

"Мүмкіндігінше қалада кедергісіз ортаны қалыптастыру қажет. Көп жерлерде пандустар қарастырылмаған, соның ішінде туризм Академиясы алдындағы жаңа фонтан маңында. Кеткен кемшіліктерді түзетіңіздер", - деп атап өтті Бауыржан Байбек Байтұрсынов көшесінің бұрылысы бойымен даңғылды  аралаған кезде.

Мегаполис басшысы қозғалыс бөлігіне тым жақын орналасқан көлік бекеттері кешендерін ауыстыруды және жолаушы ағыны жиі Орталық стадион жаны мен өзге де учаскелерге қосымша бекеттер орнатуды тапсырды.

Наурызбай батыр көшесі қиылысына сквер жасау мәселесі қайта қаралады, бұрынғы Түрксіб  ауруханасының маңын жасылдандыру көлемі артады. 

Бұрын көлік тұрағы болған Сейфуллин даңғылының батыс бөлігіне кіші пішінді архитектуралық формалар қойылады, жасылдандырылады және заманауи форматтағы сауда орындары пайда болады.

Масанчи көшесінің шығысына қарай кезінде донер жасаушылар басып алып, тұрғындардың ренішін туғызған учаскеге жасыл желек  отырғызылады.

Бірқатар  учаскелерге, соның ішінде Лермонтов  атындағы театр алдындағы алаңға тротуар плиткасы қайта  төселеді.

Жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек Желтоқсан көшесінде де болды және "Тәуелсіздік таңы" ескерткіші маңында қауіпсіздік аймағын жасауды тапсырды.

Осыған дейін мегаполис басшысы Республика Сарайы алдындағы алаңға тротуар плиткаларын төсеуде жіберлген кемшіліктерді түзетуді тапсырған болатын. Бұлардан өзге, қала әкімі Абылай хан даңғылын қайта жасаған "Элитстрой" компаниясының еншілес мердігерлік ұйымының жұмысын сынға алып, олқылықтардың  орнын толтыруға екі ай мерзім берді.

Айта кетерлігі, жалпы Алматыда биылғы жылы 524 көше жөнделді, 1400 ескі аула жаңарды. 300 шақырым арық салынды және жөнделді, 800 шақырым инженерлік желі тартылды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына осы жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауында, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу міндеттері бойынша бөлігінде атап өткендей, салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтау керек. Коммуникация мен стандарттау салаларын жаңа индустрияландыру талаптарына бейімдеп, ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығына және энергиялық тиімділігіне жоғары талап қою қажеттігін атап өткен болатын.

Қаланың барлық жер асты өтпелі жолдары жаңарды. Жыл аяғына дейін барлық көше жарықтарының үштен бірі жарық диодты және энергия жинақтаушы шамдарға ауыстырылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар