Алматыдағы жатақханалардың бірінде өрт шығып, 230 адам эвакуацияланды - Жаңалықтар | BNews

Алматыдағы жатақханалардың бірінде өрт шығып, 230 адам эвакуацияланды

13 наурыз, 09:48 1130 Алматы
Алматыдағы жатақханалардың бірінде өрт шығып, 230 адам эвакуацияланды

Жалын өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін сөндірілген.

Алматыда жатахқанадан өрт шығып, ғимараттан 230 адам эвакуацияланды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

12 наурызда сағат 23:16-да Алматы қалалық ТЖД-ның "101" пультіне Бостандық ауданында Ғабдуллин көшесінің бойындағы жатақханада өрт шыққаны туралы қоңырау шалынған.  

"Алғашқы өрт сөндірушілер оқиға болған жерге 6 минуттан соң 23:22-де келіп жетті. 4-ші жатақхананың 3 қабатындағы бөлмеден өрт шыққаны белгілі болды. Ғимараттан 230 адам эвакуацияланды. Өрт 18 шаршы метр аумақты шарпыған. Жалын өрт сөндірушілер келіп жеткенше сөндірілген", - деді қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Кейін белгілі болғандай, жалынды жатақхана қызметкерлері іштегі өрт сөндіруге арналған кранды ашып, су шашып сөндірген. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді. 

Ұқсас жаңалықтар