Алматыдан 118 шақырым қашықтықта жер сілкінді

11 Января, 2019, 11:02 7051
Алматыдан 118 шақырым қашықтықта жер сілкінді |  | BNews.kz

Жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

ҚР БҒМ "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы" ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 9 сағат 2 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады Қазақпарат.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 118 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты - 8.7. MPV магнитудасы - 4.0, тереңдігі - 15 шақырым.  Жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13932

Похожие новости