Алматыдан 477 шақырым қашықтықта жер сілкінді - Жаңалықтар | BNews

Алматыдан 477 шақырым қашықтықта жер сілкінді

04 наурыз, 2018, 14:25 2349 Алматы облысы
Алматыдан 477 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында тіркелген

Бүгін Астана уақытымен таңғы сағат 05:05 кезінде Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 477 шақырым қашықтықта 4,9 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, 10 километр тереңдіктегі жер қабатында болған деп хабарланды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,3.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар