Алматыдан 97 шақырым қашықтықтағы Қырғызстанмен шекарада жер сілкінді - Жаңалықтар | BNews

Алматыдан 97 шақырым қашықтықтағы Қырғызстанмен шекарада жер сілкінді

23 шілде, 10:22 1672 Алматы облысы
Алматыдан 97 шақырым қашықтықтағы Қырғызстанмен шекарада жер сілкінді

Жер сілкінісі бүгін Алматы уақытымен 08.02-де тіркелген.

Алматыдан 97 шақырым қашықтықта жер сілкінді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан, деп хабарлайды BNews.kz ҚР БҒМ сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік станциясына сілтеме жасап.

Қазақстандық сейсмологтар қазақ-қырғыз шекарасында магнитудасы 4,6 жер сілкінісі болғанын тіркеді.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі бүгін Алматы уақытымен 08.02-де тіркелген.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 97 шақырым қашықтықта Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болды", - делінген хабарламада.

Тереңдігі – 15 километр. Сезілуі туралы ақпарат жоқ. 

Қазақстандық сейсмологтар магнитудасы 4,3 және 4,6 тағы екі жер сілкінісін тіркеді. Олар Алматы уақытымен 02.23 және 05.06 кезінде Қытай аумағында және Тәжікстан, Қырғызстан, Қытай шекараларының түйіскен жерінде болыпты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары