Алматылық бизнесменнің көлігінен 130 мың долларды ұрлап кетті

25 Апреля, 2018, 11:42 459
Алматылық бизнесменнің көлігінен 130 мың долларды ұрлап кетті |  | BNews.kz

Ұрлыққа қатысы бар деген күдіктілер анықталды.

Алматылық бизнесменнің көлігінен 130 мың АҚШ доллары ұрланды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

"Алматы қаласы ІІД қызметкерлері Жамбыл облысының екі азаматын ұстады. Олар бизнесменге тиесілі көлік ішінен 130 мыңнан аса АҚШ долларын ұрлады деген күдікпен ұсталды", - делінген таратылған баспасөз баянында.

ҚР ІІМ автокөлік иелеріне көлік ішінде құнды заттар, құжаттар мен ақшалай соманы қалдырмауды ескертеді.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13930

Похожие новости