Алматылық мектеп түлегі ҰБТ-дан ең жоғарғы балл жинады

26 маусым, 2018, 10:06 3446
Алматылық мектеп түлегі ҰБТ-дан ең жоғарғы балл жинады

Шиара Құдайбергенова 25 маусымда Қазақ ұлттық аграрлық университетінде тестілеуден өтті.

Алматыда мектеп түлегі Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинады, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласындағы №123 мектеп-гимназиясының түлегі Құдайбергенова Шиара Əбдірахымқызы көптен күткен ең жоғарғы - 140 балл жинады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Шиара Құдайбергенованың 25 маусымда Қазақ ұлттық аграрлық университетінде тестілеуден өткені хабарланды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына осы жылғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" деп аталатын Жолдауында білім беру саласына баса назар аударған болатын. Ол білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу керектігін атап өткен болатын.

"Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Алматы #Білім және ғылым министрлігі

Читайте также

Похожие новости