Алматылықтар жер сілкінісін сезді - Жаңалықтар | BNews

Алматылықтар жер сілкінісін сезді

02 ақпан, 16:06 1522 Астана
Алматылықтар жер сілкінісін сезді

Жерасты дүмпуі қаладан 5 шақырым жерде болған.

ҚР БҒМ ҒК "Сеймологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мемлекеттік мекемесі бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 15:20-да жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BNews.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 5 шақырым жерде болған. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы MPV 3.7, 10 шақырым тереңдіктен білінген.

Алматы тұрғындарына қаланың әр жерінде жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілді.

Алматы қалалық ІІД Жедел басқару орталығы мамандары қалада ешбір ғимаратқа зақым келмегенін, сондай-ақ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі таудағы гидротехникалық құрылғылардың жарылмағанын хабарлады.

Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары