Алматының автобус аялдамаларына электрондық таблолар орнатылды

13 желтоқсан, 2018, 19:07 2448 Алматы
Алматының автобус аялдамаларына электрондық таблолар орнатылды

Электрондық таблоларда бағыт нөмірлері және қоғамдық көліктің бекет кешенінен қашан келетіні туралы ақпараттар болады.

Алматыда BRT желісінде алғашқы электрондық таблолар пайда болды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінде.

Электрондық таблоларда бағыт нөмірлері және қоғамдық көліктің бекет кешенінен қашан келетіні туралы ақпараттар болады. Қалалықтар цифрлық жаңалық арқылы Көлік холдингінің операторымен арнайы модуль арқылы байланыса алады. Бұл жоба бюджеттен тыс қаржы есебінен іске асуда.

Қоғамдық көлік қозғалысын онлайн-кесте немесе "Оңай" қосымшасы арқылы білуге болады. Бұдан өзге, тамыздан бастап осы қосымшаны пайдаланатындар QR-коды арқылы жол ақысын да төлей бастады.

Кезекті жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек мегаполистің шет аймақтарын орталықпен байланыстыратын жеке тасымалдаушылар алған жаңа автобустарды көрді.

Мысалы, "Мадина" ЖШС Yutong маркалы 12 төмен еденді автобустар алған, көліктер №72 бағытына қызмет көрсетеді. "Киікбай" ЖШС №13 бағыттағы автобустарды жаңартты. Яғни, ISUZU маркалы 20 төмен еденді көлік алынды.

Мегаполис басшысы бірінші кезектегі міндет автобустар паркін жаңарту болғанын, сондықтан 3 жыл ішінде 1100-ден астам көлік бірлігі алынғанын, ал ендігі міндет қалалықтарға сапалы қызмет көрсету екенін атап өтті.

"Сапалы қызмет көрсетіп, автопаркті жаңартқан тасымалдаушылар ғана субсидия алатын болады. Субсидия бөлу жөніндегі келісімде сапаға бақылау қойылатындығы әрі кемшіліктер орын алса айыппұл салынатыны нақтылы көрсетілген. Тек 9 ай ішінде ғана қозғалыс жиілігін сақтамаған тасымалдаушылар 330 млн. теңге субсидиядан қағылды", - деді Бауыржан Байбек.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар