Алматының "барахолка" базарындағы сауда үйі өртенді

9 Августа, 2018, 17:24 3115
Алматының "барахолка" базарындағы сауда үйі өртенді |  | BNews.kz

Жетісу ауданындағы "Байсат" базары өртке оранған.

Алматыда "барахолка" базарындағы сауда үйі өртке оранды, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова қазір қосымша күштер шақырылып жатқанын атап өтті.

"16.26-те 101 кезекші пультіне Жетісу ауданындағы "Байсат" базары өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер 7 минут ішінде оқиға орнына жетті. Қазір қосымша күштер шақырылып жатыр", - деді Сандуғаш Баймұхамбетова. 

Оның айтуынша, қазір тілсіз жау ауыздықталып үлгерді.


Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13935

Похожие новости