Алматының Бостандық ауданы активі Президент Жолдауын талқылады

11 қазан, 2018, 19:07 1384 Алматы
Алматының Бостандық ауданы активі Президент Жолдауын талқылады

Жиын барысында сапалы және қолжетімді баспана беру, білім беру мен денсаулық сақтауды дамыту, тұрғын үйді тиімді басқару, мемлекеттік аппаратты модернизациялау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері көтерілді.

Бүгін Бостандық ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында аудан активі Мемлекет басшысының "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру" Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды, деп хабарлайды BNews.kz.

Кездесуді аудан әкімі Алтай Рақымбетов басқарды. Оған "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Баймұрат Жамбулов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хамид Біржанов, аудандық құрылымдар басшылары, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, ТКШ, ШОБ және т.б. мекемелерінің өкілдері мен "Жастар қанаты" белсенділері қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев 6 негізгі бағытты белгіледі - бұл халықтың кірістерінің өсуі; өмір сапасын жақсарту; жайлы өмір ортасын құру; азаматтардың қажеттіліктеріне бағытталған мемлекеттік аппарат; тиімді сыртқы саясат; елдегі трансформация процестеріне әрбір қазақстандықтың қатысуы.

Президент өз Жолдауында белгілеген 6 негізгі бағыты туралы №92 мектеп директоры Ерұлан Жиенбаев, әль-Фараби атындағы ҚазМУ тәрбие ісінің проректоры Шолпан Жаманбалаева, "Нұр Отан" партиясы Бостандық ауданы филиалының саяси кеңес мүшесі Виктор Булекбаев және "Нұр Отан" партиясы "Жастар қанаты" ұйымынның төрағасы Құрмаш Арыстан-баб Сайлауұлы сөйледі.

Өз баяндамаларында сапалы және қолжетімді баспана беру, білім беру мен денсаулық сақтауды дамыту, тұрғын үйді тиімді басқару, мемлекеттік аппаратты модернизациялау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін көтерді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар