Алматының тұрғын үй аулаларында биыл шлагбаумдар орнатылуы мүмкін - Жаңалықтар | BNews

Алматының тұрғын үй аулаларында биыл шлагбаумдар орнатылуы мүмкін

14 ақпан, 15:15 866 Алматы
Алматының тұрғын үй аулаларында биыл шлагбаумдар орнатылуы мүмкін

Жаңа ережелерді осы жылдың екінші тоқсанында іске асыру жоспарлануда. 

Аула аймақтарында көліктер проблемасын шешу үшін Алматы әкімдігі  абаттандыру ережесіне өзгерістер енгізуді қарастырып жатыр, яғни тұрғындардың жалпы шешімі бойынша ПИК-тер арқылы шлагбаумдар орнатылуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

Мақсұт Исахов мегаполистің тұрғын үйлер аулаларында ақылы көлік тұрақтарының болуы мүмкін деген сөздің жалған екенін айтты.

"Алматы қаласы әкімдігінде бұл туралы шешім қаралған жоқ, сондықтан тұрғын үйлер аулаларында ақылы көлік тұрақтарының бомайтынын барша жауапкершілікпен айтамын. Аула аймақтарында көліктер проблемасын шешу үшін біз абаттандыру ережесіне өзгерістер енгізуді қарастырып жатырмыз, яғни тұрғындардың жалпы шешімі бойынша ПИК-тер арқылы шлагбаумдар орнатылуы мүмкін", - деді Мақсұт Исахов.

Ол шлагбаум қойылған кезде арнайы көліктер, яғни өрт сөндіруші, жедел жәрдем техникалары аулаға еш кедергісіз кіре алатынын жария етті. Мақсұт Исахов биылғы жылдың екінші тоқсанында жаңа ереже жасау жоспарланғанын хабардар етті.

Айта кетерлігі, қалада соңғы екі жыл ішінде 700-ден астам, яғни әрбір бесінші алматылық аула жөнделді. 2018 жылы тағы да 500 аула жаңарып, балалар және спорт алаңдары пайда болып, тренажерлер ойын кешендері жұмыс істейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары