Алматы облысында бес мектеп директоры басқаларға сабақ болу үшін жұмыстан босатылды - Жаңалықтар | BNews

Алматы облысында бес мектеп директоры басқаларға сабақ болу үшін жұмыстан босатылды

19 наурыз, 18:49 5259 Алматы облысы
Алматы облысында бес мектеп директоры басқаларға сабақ болу үшін жұмыстан босатылды

Облыс әкімі баспасөз қызметінің басшысы Ғалымұрат Жукелдің айтуынша, олар өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағандықтан, жұмыстан босатылған.

Алматы облысында бес мектеп директоры лауазымды қызметінен босатылды. Бұл туралы білім басқармасының алқа отырысының барысында белгілі болды, деп хабарлайды BNews.kz. "Бұл жұмыстан босатылған бес директор басқаларға сабақ болады деп ойлаймын", - деп атап өтті Ғалымұрат Жукел.

Сондай-ақ, оның сөзінше, ведомствоның және жалпы білім беретін мектептердің бірінші міндеті – аймақтағылардың білім деңгейін көтеру.

"Бұл бағытта біз үлкен жұмыс атқарып жатырмыз. Мысалы, былтыр біз мұғалімдердің өздерін оқытып, сәйкесінше курстар өткіздік. Енді мектеп директорларынан қол жеткізілген жетістіктерді талап ететін боламыз. Себебі қажетті және қолайлы жағдайдың барлығы жасалып жатыр. Алайда бірқатар мектеп директоры өздерінің қызметін дұрыс орындамайды. Олар "жұмсақ орындықтарына жақсылап орналастық және алдағы уақытта да солай болып қалады" деп ойлайды. Негізінде директор – бұл ең жоғарғы сұраныс талап етілетін қызмет, өйткені ол бірінші кезекте балаларға білім беру үдерісінің ұйымдастырушысы және әкімшісі. Егер адамдардың қолынан келмей жатса, олар жұмыстан босатылатын болады", - деді Ғалымұрат Жукел. 

Айта кетерлігі, өткен жылдың қорытындысы бойынша Алматы облысы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша республикада 13-орынды иеленген.

Ұқсас жаңалықтар