"Алматы-Өскемен" тас жолында 31 автокөлік соқтығысып қалды

10 Января, 2019, 13:28 7229
"Алматы-Өскемен" тас жолында 31 автокөлік соқтығысып қалды |  | BNews.kz

Автокөліктердің жаппай соқтығысуы салдарынан болған жол-көлік оқиғасынан бес адам зардап шекті. Олар Іле аудандық ауруханасына жатқызылды.

10 қаңтарда "Алматы-Өскемен" тас жолының 20-шақырымында 31 автокөліктің жаппай соқтығысуы салдарынан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды BNews.kz Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апатында бес адам зардап шекті. Олар Іле аудандық ауруханасына жатқызылды.

Алдын ала болжам бойынша, жол-көлік оқиғасына ауа райының қолайсыздығы, яғни көктайғақ пен тұман себепші болған. 

Оқиға орнында жол патрульдік полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта тас жолындағы көлік қозғалысы қайта қалпына келтірілді.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13855

Похожие новости