Алты жасар алматылық бүлдіршін Бірінші арна көрермендерін таңқалдырды - Жаңалықтар | BNews

Алты жасар алматылық бүлдіршін Бірінші арна көрермендерін таңқалдырды

16 сәуір, 10:56 1870
Алты жасар алматылық бүлдіршін Бірінші арна көрермендерін таңқалдырды

"Лучше всех!" хабарында кішкентай цирк әртісі күрделі гимнастикалық трюктер орындады.

Цирк әртістері әулетінің жалғастырушысы өкілі алты жасар алматылық Лиэль Махпирова Мәскеуде Максим Галкиннің "Лучше всех!" хабарына қатысты, деп хабарлайды BNews.kz.

Лиэль цирк өнерімен кішкентай жасынан айналыса бастағанын айтты. Студияда ол медальдарын көрсетті. Жас гимнаст қыз күрделі трюктерді акробаттарға арналған сырық және шеңбермен орындады.  Ол көрермендердің үлкен ықыласына бөленді.

Осыған дейін Лиэльдің үлкен әпкесі Карина да бағдарламаға қатысқан еді. Көрсетілімнен кейін бүлдіршінге медаль, рюкзак толы тәттілер мен гүл сыйлады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары