«Алтын жүрек» сыйлығына биыл 450 өтініш келіп түсті

06 қазан, 2017, 15:26 1953 Алматы
«Алтын жүрек» сыйлығына биыл 450 өтініш келіп түсті

Алматыда «Алтын жүрек» қайырымдылық аясындағы сыйлыққа үміткер басты номинанттардың есімдері белгілі болды.

Алматы қаласында ұлттық қоғамдық қайырымдылық аясындағы «Алтын Жүрек» сыйлығының үздік номинантары анықталды. Биыл «Алтын Жүрек» сыйлығы өзінің 10-шы  мерейтойын атап өткелі отыр.Бұл жайлы ұлттық сыйлық ұйымдастырушылары  «Бауыржан» қайырымдылық қоры мәлім етті. «Алтын жүрек» сыйлығына биыл 450 өтініш келіп түсті. Үміткерлердің қатарында танымал саясаттанушы Досым Сәтпаев, жылсайынғы қайырымдылық шарасы «Алматы марафон», кәсіпкерлер Бауржан Оспанов, Нұрлан Смағұлов, «28 петель» клубы, сондай-ақ АҚШ тан келген еріктілер Виктория Шарбону и Элизабет Турнок бар.

«Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының ұйымдастырушылары  11 жыл қатарынан еліміз бойынша нағыз мейірбан, жаны жомарт жандарды іздеп келеді. «Қайырымдылық»  сынды асыл қасетті бойларына сіңірген алтын жүректерге алғыс айтып ел алдында мадақтап, марапаттап жүр. 

Аталмыш шара жылсайын «Бауыржан» қайырымдылық қорының бастамасымен, «Нұр Отан» партиясы, «Алтын Қыран» компаниялар тобы, «ПетроКазахстан» АҚ  Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

Осы жылдар ішінде «Алтын жүрек»- қайырымдылықтың нышаны іспеттес, қазақ халқының мейірімді әрі атымтай жомарт жандарға бай екенін байқатып келеді. Жыл бойы ұлттық сыйлық ұйымдастырушылары еліміз бойынша қайырымдылықпен айналысатын жандарды іздеді.  2017 жылы «Алтын жүрек» сыйлығына 455 өтініш келіп түсті. Олардың 100-ге жуығы жеке тұлғалардан.

 Үміткерлердің қатарында танымал саясаттанушы «Сөз» мәдени-танымдық қордың авторы Досым Сатпаев үздіксіз халық арасында мәдениет саласына өз үлесін қосып жүр.  Жылсайынғы қайырымдылық шарасы «Алматы марафон» шарадан жиналған қаражатты қайырымдылық жолына жұмсайды. Сондай-ақ, американдық Виктория Шарбону мен Элизабет Турнок Тараз қаласында жалғызбасты аналарға баспана беріп, жетім балалар үйлерінде тәрбиеленген балаларға көмек береді.  

Алтын жүрек атына лайық үміткерлерді саралау барысы барлық келіп түскен өтініштер ішінен 3 қазан өткен эксперттік кеңесте әр номинация бойынша 3 үміткерден анықталды. Әр үміткер ұлттық сыйлыққа ұсынылғаны жайлы хабарсыз. Атымтай жомарт жандар мен қайырымдылық жасаған мекемелерді игі істеріне куә болған жандар ұсынады. 

Соңғы өткен қоғамдық кеңесте әділқазылар мүшелігіне қазақстандық қоғамдық қайраткерлері  мен БАҚ өкілдері қатысты. Олардың қатарында;  тележүргізуші Адель Оразалинова, спорт журналисі Гений Тулегенов, қазақстандық волейболшы Марина Стороженко, сондай -ақ, «АРТиШОК»  театрының негізін салушы Галина Пьянова мен қоғам қайраткері Асия Ахтанова, жарнамашы Асхат Өскембаев.

 «Бауыржан» қайырымдылық қорының атқарушы басшысы, «Алтын жүрек» сыйлығының бас үйлестірушісі Гүлзат Рымбайқызының сөзінше «Алтын жүрек» сыйлығының 11 жылдық тарихында қайырымды жандардың қатары 5 есе өсті, 2016-2017 жж аралығында Қазақстан бойынша келіп түскен өтініштер бойынша 29,4 миллиард теңгеге қайырымдылық істері жүзеге асырылған. Ең көп деген игі істер қатарында жетім балаларға қолдау мен спорт және білім саласына қатысы бар шаралардың басым екені анық.

– «Алтын жүрек» тарихы – бұл жалпы Қазақстандық қайырымдылық тарихын бастайды.  Себебі, әр үміткер қоғамның дамуына өз үлесін қосып жатқан жандар.  Жылсайын осы қайырымды  жандар қатары артып келеді. Мәселен6 биыл «Алтын жүрек» сыйлығының ұйымдастыру комитетіне 455 өтініш келіп түсті.   Атап айтқандай осы күні қайырымды іс жасау көпшіліктің күнделікті атқаратын жұмысының бір бөлшегіне айналды- деді  Гүлзат Рымбайқызы.

Қоғамдық кеңестің мүшесі болған Адель Оразалиеваның пікірінше  «Алтын Жүрек» сыйлығы- бұл қоғамда игі іспен айналысатын жандарды сауапты іспен айналысуға деген құлшынысын арттыратын шара.

Адель Оразалинова:

- «Алтын жүрек» сыйлығы алдымен халыққа қажет.  Себебі, ол қайырымдылықтың нышаны. Кез –келген адам алтын жүрек атына лайық болу үшін тырысады сондықтан мейірімді іспен айналысуға өз ерік –жігерін арнайды. Ал оларды бұл істері үшін бағалау артықтық етпейді. «Алтын жүрек» - алдымен адамдарды бір арнада тоғыстырады өйткені, жақсылықтың шекарасы өлшеусіз.

Танымал қазақстандық саясаттанушы журналист, Айдос Сарым «Алтын жүрек» сыйлығы қайырымдылық тарихына жаңа тұлғалардың есімдерін енгізеді. Әсіресе қоғамда өз игі бастамаларын жар салмайтын атымтай жомарт жандарға алғыс айтуға мүмкіндік береді.

Айдос Сарым:

- Мені қайырымыдылықпен осы күні жан-жақта, сонау алыс ауылдарда мүмкіндік тауып айналысатын жандар таң қалдырады. Себебі, кезінде қайырымыдылықпен тек ірі комапниялар мен  мүмкіндігі бар кәсіпкерлер ғана айналысатын. Алтын жүрек- халық таңдауы. Халықтың атынан мейірбан жандарға алғыс айту мүмкіндігі деп білемін.

 «Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары 2017 жылы 27 қазан сағат 19:00де, Алматы қаласы, Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында салтанатты рәсімінде марапатталады.

Ұйымдастырушылар комитетінің мәліметтері бойынша 2016-2017 жылдар ішінде Қазақстан бойынша  29,4 миллиардов теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілген. 16 спорт мектептері, 29 бала-бақша, 23  жалпы білім беретін мектерге жөндеу жұмыстары жүргізілді. 3 мүгедек балаларға арналған мамандандырылған бала-бақша салынды.  10 мыңнан астам  жетім балалар жазғы демалыстарында түрлі демалыс лагерлеріне баруға жолдама алды. Демеушілер арқасында 33 компьютерлік сыныптар мен 8 аурухана жабдықталды. Жағдайлары төмен 800-ге тарта бала мектепке қажетті құралдармен қамтмасыз етілді. Ұлы отан соғысының 26 ардагерінің үйлеріне жөндеу жұмысы жүргізілді. 500 тыл ардагерлері мен соғыс ардагерлері қаржылай көмек алды.  

«Алтын жүрек-2017» қоғамдық ұлттық сыйлығының номинанттары:

 

1. «Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы

1.Хали Гумарова (Атырау облысының Есбол ауылы)

2.Екатерина Яценко (Екібастұз қ, Павлодар обл)

3. Райымжан Кошкаров ОҚО, Түркістан қ

 

2. «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы

1. Сейітқали Алшынбаев (Қызылорда қ)

2.Мұрат Әділханов (Алматы қ)

3. Отделстрой ЖШС (БҚО, Орал қ)

 

3. «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясы

1. Элеонора Бекказиева (БҚО, Орал қ)

2. Эмин Аскеров  (Астана қ)

3. Біржан Қожақов   (БҚО, Орал қ)

 

4. «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін» номинациясы

1. Бауржан Оспанов (Алматы қ)

2. «Алматы марафон» қайырымдылық спорт шарасы

3. «Олимп» әскери-патриоттық клубы   (Қостанай қ)

 

5. «Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін» номинациясы

1. Расима Темербаева (Алматы қ)

2. «Петровское» АҚ

3. Жанар Бүркітбаева  (Тараз қ)

 

6. «Жыл меценаты» номинациясы бойынша

1. Сергей Спицын (Алматы қ)

2. Нұрлан Смағұлов (Алматы қ)

3. Досым Сәтпаев  (Алматы қ)

 

7. «Ақпараттық қолдаушы» номинациясы

1. Bestdoctor.kz ақпаратты-медициналық порталы   (Астана қ)

2. Майра Әбдірахманова (Алматы қ)

3. «Добрые вести» әлеуметтік медиа порталы

 

8. «Жылдың қайырымды адамы» номинациясы

1. Закиржан Кузеев  (Алматы қ)

2. Гүлбаршын Сұлтанова (Ақтөбе қ)

3. Темірлан Шайнүсіпов  (Алматы облысы, Ақ терек ауылы)

 

9. «Жыл ұйымы» номинациясы 

1.  «СВК» компаниялар тобы

2. ТОО «Magnum Cash&Carry»

3. «Kaspi  Bank» АҚ

 

 10. «Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін» номинациясы

1. «28 петель» клубы (Ақтөбе қ)

2. Малика Жүсіпова  (Шымкент қ)

3. Ермек Аязбеков (Алматы қ)

 

 11. «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін» номинациясы

1. Виктория Шарбону мен Элизабет Турнок (АҚШ)

2. Хеба Осман (Каир қ, Египет)

3. Виктория Акатьева-Костылева (РФ, Санкт-Петербург қ)

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!