Санкт-Петербургте қазақстандық оқушылар менталды арифметика бойынша рекорд орнатты

Написать нам
04 қазан, 2018, 11:53 4936
Санкт-Петербургте қазақстандық оқушылар менталды арифметика бойынша рекорд орнатты

Оқушы қыздар 120 мемлекеттен келген 150 қыз арасында үздік шығып, жеңімпаз атанды.

Қазақстандық оқушылар менталды арифметикадан әлемдік рекордты жаңартты, деп хабарлайды BNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

150 бала эстафеталық әдіспен 30 мың есепті 26 минут, 26 секунд, 12 миллисекундта шығарды. 120 мемлекеттен жиналған балалардың қатарында ақтаулық Орынгүл Арыстан да бар. Он бір жасар жеткіншек Санкт-Петербург қаласында  өткен байқауда 26 минут 26 секундта дарындылармен бірге 30 мың есепті шығарған.

Орынгүл Ақтаудағы №17 мектептің 6-сыныбында оқиды. Ол оқушылар арасында "есепке жүйрік" қыз атанып кеткен. 1 минутта 25-30 есепке дейін ойша шығара алады.

Дарынды жас Санкт-Петербургте менталды арифметикадан өткен чемпионатта шапшаңдығымен талайды таңқалдырды. 120 мемлекеттен келген 150 қыз арасында үздік шығып, жеңімпаз атанды.

"Шетелден көптеген достар таптым. Осыдан бір жыл бұрын Малайзияда өткен жарыстың қатысушыларын кездестірдім. Қатысқаныма 2 жыл ғана болса да, біраз жетістікке жеттім. Қуаныштымын!", - дейді Орынгүл Арыстан.

Азия рекорд кітабы және әлемдік рекорд кітабы өкілдерінің шешімі бойынша, осы жарыста тарихта алғаш рет  ұзақ математикалық есеп шығарылған.  Орнатылған рекорд  арнайы WORLD BOOK RECORDS (WBR) кітабына енгізілген.

"Осы жарысқа қатысу арқылы ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, әлемдік деңгейде таланты мен дарынын дәлелдеді. Қазақстанның атын халықаралық деңгейге шығарды. Қуанышымыз шексіз", - деді ұстазы Қарлығаш Абдреимова.

Орынгүл Арыстан халықаралық интеллектуалдық даму академиясының "UCMAS" атты  Ақтаудағы филиалында оқып жатыр. Қазір 4-деңгейге жеткен.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар