Альвареске WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуі табысталды

16 Октября, 2018, 12:55 2044
Альвареске WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуі табысталды |  | BNews.kz

Салтанатты марапаттау рәсімі Мехиконың Соймайя музейінде өтті.

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альвареске орта салмақ дәрежесінде WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуі табысталды, деп хабарлайды BNews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Салтанатты марапаттау рәсімі Мехиконың Соймайя музейінде өтті. Мұнымен қоса WBC арнайы белбеуін Альвареске осы ұйымның президенті Маурисио Сулейман мен мексикалық миллиардер Карлос Слим табыстады.

Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен өткен реваншта жеңу арқылы осы белбеулерге ие болып отыр. Альварес-Головкин арасындағы екінші жекпе-жек 15 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Аренада өтіп, "Канело" төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Головкин кәсіпқой бокстағы карьерасында алғаш рет жеңіліске ұшырап, WBC, WBA (Super) және IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылып қалды. Осыған дейін санкциялық жарна төлеуден бас тартқан Альварес IBO белбеуінен айырылды.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13992

Похожие новости