"Алжир" музейі экспозицияларды жаңарту үшін жабылады

Написать нам
31 қазан, 2018, 16:35 3745 Қарағанды облысы

Музейде мультимедиялық экран мен интернетке қосылған сенсорлық панельмен басқарылатын қондырғылар орнатылады.

10-25 қараша аралығында Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының "Алжир" мемориалды-мұражай кешені келушілер үшін жабылады. Мекемеде реконструкция және "Алжир" залының экспозицияларын жаңарту жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Реконструкция және реставрация жұмыстары барысында келесідей жұмыстар қолға алынбақ: экспозицияларды 2017-18 жж. мұражай қорына келіп түскен жаңа экспонаттармен және материалдармен толықтыру, "АЛЖИР" мұражайы қорынан ХХ ғасырдың 30-50 жж. мұрағат құжаттар, фотосуреттер, заттар негізінде экспозиция жасау, мультимедиялық экран мен интернетке қосылған сенсорлық панельмен басқарылатын қондырғыларды орнату және монтаждау, ескі шыны витриналарды демонтаждау, электромонтаждау жұмыстары, орнатылған витриналардың дизайнын ескере отырып, келушілер демалатын қосымша конструкцияларды дайындау және орнату, қазіргі бөлмелерге (барак, тігін цехы, тергеу оқшаулағышының есігі) арналған қосылу мен ажырату үшін автоматты датчигі бар аудиосүйемелдеу орнатылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар