Әминә Өмірзақованың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланады

Написать нам
05 қараша, 2018, 17:03 2332 Астана
Әминә Өмірзақованың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде тойланады

Актриса 1949 жылдан бастап өмірінің соңына  дейін, жарты  ғасырдан  астам уақыт  Ғ.Мүсірепов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  академиялық  балалар  мен  жасөспірімдер  театрында қызмет етті.

Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр сахнасының алыбы – Әминә Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына орай, актрисаның мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде тойлау жобасына енді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ел тарихында тұңғыш рет театр және кино саласы актрисасының мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде тойлау шаралары өтеді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сахна сайыпқыраны,  экран алыбы Әминә Ерқожақызы 1949 жылдан өмірінің соңына (26.09.2006 ж.) дейін, жарты  ғасырдан  астам  Ғабит Мүсірепов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  академиялық  балалар  мен  жасөспірімдер  театрында қызмет етті.

"Көптеген кинофильмдер мен театр қойылымдарындағы талғампаз бейнелері  арқылы,  Халық  қалаулысына,  Ел  ардағына  айналған,  Ұлттық  өнерімізде  есімі  ел  есінде  жатталған – Әминә  Өмірзақованың туғанына 2019 жылдың 8 наурызында 100 жыл  толады. Актриса Өмірзақова Әминә Ерқожақызының 100 жылдығының ЮНЕСКО көлемінде тойлануы жөніндегі игі  бастама –  Ұлттық  өнеріміздің  жарық  жұлдызы құрметіне  жасалған  мәңгілік  ескерткіш  деп білеміз", - делінген таратылған хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар