"Әміре" фильмі Голивуд кинофестивалінің бас жүлдесіне ие болды

Написать нам
29 қазан, 2018, 14:03 1583

Әділ қазылар мүшелері 2018 жылдың фильмдері жоғарғы дәрежеде түсірілгенін атап өтті.

Қазан айының 23-і мен 28-і аралығында Лос-Анджелес қаласында өткен Hollywood Film Festival кинофестивалінің халықаралық байқауының ақтық сайысында "Әміре" фильмі Best Global Hollywood Film жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды BNews.kz "Қазақфильм" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың ғұмырын баяндайтын фильмді Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ  "Dar Play" компаниясымен бірлесе түсірген.

Айта кетсек, фестивальдің алғашқы кезеңінде Silver Screen Award жүлдесіне үміткерлер қатарына байқауға қатысатын әр елдің бірнеше фильмдері ұсынылған болатын. Бұл кезеңде Қазақстан атынан алты бірдей кинотуынды – үш толықметражды және үш қысқаметражды фильмдер қарастырылған. 

"Әміре" картинасымен қатар Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы жарыққа шығарған үш фильм бақ сынады, олар: толықметражды фильмдер байқауында Төлеген Байтөкеновтың "Саташ" фильмі және Елжас Рақымбековтың "Эль Фриман" картинасы, ал қысқаметражды фильмдер бөліміне Берік Жахановтың "Асан" фильмі қатысты. Бұл фестивальде "Әміре" фильмін режиссер Джефф Веспа таныстырды.

"Фестивальдің қатысушылары өз фильмдерімен мақтана алады, өйткені 2018 жылдың фильмдері жоғарғы дәрежеде түсірілген", - деді  Hollywood Film Festival президенті Брэд Паркс.

"Осы жылдың конкурсында сапалы әрі керемет туындылар көрсетілгені туралы ерекше атап өткім келеді. Фестивальдің бас жүлдесіне қол жеткізіп, қазылар алқасының құрметіне ие болу – үлкен жетістік", - деді фестивальдің бағдарламалар директоры Хольгер Карлссон.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар