Анам аттан құлап қалмауым үшін мені өзіне байлап алатын – Назарбаев балалық шағы туралы

03 шілде, 2018, 12:29 2741
Анам аттан құлап қалмауым үшін мені өзіне байлап алатын – Назарбаев балалық шағы туралы

Видео Іnstagram-дағы ресми сайтта жарияланды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев балалық шағы туралы айтып берді. Видео Іnstagram желісіндегі akordapress ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Елбасы өзінің туып-өскен ауылы, тау арасындағы бұлақтар мен өзендер, сондай-ақ анасы туралы еске алды.

"Туған жер... Туған таулар... Тау арасындағы бұлақтар мен өзендер, жауқазын гүлдер мен қызыл қызғалдақтар... Тауда жидек теруге баратынбыз. Кейде түнде жатқан кезде сондай сәттердің бәрін үнсіз еске аламын. Жылқыға анаммен бірге отыратынмын. Ол аттан құлап қалмауым үшін мені өзіне байлап алатын. Асқар таулардың ішінде, өзен бойында анам ән салып бара жататын", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#Нұрсұлтан Назарбаев #Елбасы

Читайте также

Похожие новости