Анатолий Смолин Жоғарғы сот судьясы болып қайта тағайындалды 

19 сәуір, 2018, 11:37 3211 Астана
Анатолий Смолин Жоғарғы сот судьясы болып қайта тағайындалды 

Ол бұған дейін осы қызметті 13 жылдан астам уақыт атқарған.

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Анатолий Смолин Жоғарғы сот судьясы болып тағайындалды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Сіздердің қарауларыңызға Мемлекет басшысының Жоғарғы сот судьясы қызметіне Анатолий Сергеевич Смолинді тағайындау туралы ұсынымы енгізіліп отыр. Анатолий Смолин бұған дейін Жоғарғы сот судьясы қызметін 13 жылдан астам уақыт атқарған. Оның судьялық жұмыстағы жалпы еңбек өтілі 28 жылдан асып отыр", - деді ҚР Жоғарғы сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.

Анатолий Смолин 1959 жылы дүниеге келген. Заңгер мамандығы бойынша ол өзінің еңбек жолын 1986 жылы Көкшетау облыстық сотында тағылымдамадан өтуші болып бастаған.

2007 жылғы наурыздан 2010 жылғы ақпанға дейін – ҚР Жоғары сотының қадағалаушы коллегиясының төрағасы. 

2010-2015 жылдары ҚР Жоғары сотының судьясы болған.

Айта кетейік, Анатолий Сергеевич Смолин 2015 жылдың 11 желтоқсанынан 2018 жылдың 4 сәуірі аралығында ҚР Жоғары сот Кеңесінің төрағасы лауазымын атқарды.

Палата депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан қолдады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар