Сыр елінде республикалық ақпа­раттық топ мүшелері кездесті

20 қазан, 2018, 18:50 1044 Қызылорда облысы
Сыр елінде республикалық ақпа­раттық топ мүшелері кездесті

Жиын барысында жаңа оқу жылы басында кей аймақтардың мектептерінде орын алған "хиджап" мәселесіне байланысты сөз қозғалды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі Ғалым Шой­кин Сыр еліндегі сапарында дін саласындағы облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz.

"Біздің мемлекетіміздің көз­деген мақсаттарының бірі – кең құқық шеңбері мен бостан­дық­тың үйлесімдігі. Соған сәй­кес денсаулық сақтау, меди­ци­на­лық көмекке жүгіну, білім алу сияқты жалпы­адам­заттық құ­қықтар мен бостандықтар на­ным-сенім мен ар-ождан бос­­тан­дығымен шиеленіске келуге тиісті емес", – деді Ғалым Нұрмағамбетұлы.

Кездесу барысында ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері тарапынан біршама сауалдар да қойылды. Жаңа оқу жылы басында кей аймақтардың мектептерінде орын алған "хиджап" мәселесіне байланысты сөз қозғалды.

"Қазақстанда мемлекеттік білім беру және тәрбие жүйесі де қатаң зайырлы сипатқа ие екенін және оның діни білім беру жүйесінен ажыратылғандығын баса айта кеткен жөн. Бұл жағдайда зайырлылық мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында жастардың бойында белгілі бір нақты дінге көзқарасын қалыптастыруға тый­ым салынатынын білдіреді. Діни көзқарас қалыптастыру құқығы заң талабына сәйкес, діни оқу орындарын аша алатын республикалық немесе аймақтық мәртебеге ие діни бірлестіктерге ғана берілген", - деп жауап берді сектор меңгерушісі.

Елбасы Жолдауына сәйкес Үкімет жанынан құ­рылған республикалық ақпа­раттық топ мүшелерінің сапары ауданда жалғасты. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитеті төраға­сы­ның орынбасары Диана Сәрсенова Қармақшыда болып, аудан әкімдігінде зиялы қауым өкіл­дерімен кездесті.

Диана Бақытжанқызы Жол­дау­да айқындалған басым­дық­тарға, оның ішінде білім мен денсаулық, кәсіпкерлік, құрылыс салалары бойынша ал­да­ғы жылы жүзеге асыры­луы тиіс тапсырмалар мен мін­дет­тер­ге тоқталды. Сондай-ақ, ел ке­лешегі – жастарды қол­дау мақ­сатында арналған іс-ша­ра­лар жоспарына арналған ба­сымдықтар мен аймақты дамыту мақсатында атқарылған ілкімді істер жайын баяндады.

Кездесуде аудандық арда­герлер кеңесінің төрағасы Қар­шыға Есдәулетов, "Ұлт бір­лігі – Қармақшы" қоғамдық бірлес­тігінің төрағасы Шегебай Құн­дақбаев, Үсен Томанов атын­­­дағы №183 орта мектептің ди­­­ректоры Алтынша Кенжеева Жолдаудағы ерекшеліктерді ор­таға салып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов түйіндеп, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел бо­лашағы үшін жасап жатқан игі істеріне қармақшылықтар қа­шанда қолдау көрсететінін жет­кізді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар