Апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағының қара жәшігі табылды

Написать нам
12 ақпан, 2018, 18:19 893
Апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағының қара жәшігі табылды

Апат орнынан қара жәшіктен басқа қаза тапқан екі жолаушының денесі мен фюзеляждың (ұшақтың корпусы) бөліктері табылды.

Домодедово әуежайынан Орск қаласына ұшып, Мәскеу маңына құлаған "Саратовские авиалинии" әуе компаниясының Ан-148 жолаушылар ұшағының қара жәшігі табылды, деп хабарлайды BNews.kz ресейлік RT ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Ұшақ Мәскеу маңындағы Раменский ауданының Степановское елді мекеніне құлады.

Еске салсақ, ұшақ бортында болған 65 жолаушы мен экипаж мүшелерінің барлығы қаза тапты. 

Ан-148 ұшағы құлап, апат болған орыннан қара жәшік, қаза тапқан екі жолаушының денесі мен фюзеляждың (ұшақтың корпусы) бөліктері табылды. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге аталған оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Жеделхатта Мемлекет басшысы Мәскеу облысында Ан-148 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны жазылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар